"Реал Мадридтің" телеарнасы Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде "Қайратпен" түскен жеребеге қатты наразылық білдіруде.
Мадридтік клуб УЕФА-ның жеребе тастайтын компьютеріне сенбейді. Бұл 2021 жылғы Суперлига жобасына байланысты Флорентино Перес пен УЕФА арасындағы қақтығыстың бір бөлігі деп отыр.
“Ең алыс сапар, тура сызықпен есептегенде 6000 шақырым, Қытайдың іргесінде, үйден тым жырақ. Қысқасы, "Реалға” тағы да ең қолайсыз жеребе бұйырды, былтырғы маусымдағыдай бірінші себеттегі фавориттермен салыстырғанда жағдайымыз тең емес. Әрі қарай қалай өрбитінін сосын талқылаймыз. Бірақ бұл өте қиын. Шынымен де қиын. Тек қарсыластардың деңгейіне байланысты емес. Тіпті кішірек командаларға қарсы ойнағанда да бізге ең ауыр сапар түсті. Сонау Қытай шекарасынан 300 шақырым қашықтағы Алматыға баруға тура келеді.” – деп жазады “Real Madrid TV"
Біздің серіктес: FONBET