Жарнама
Жарнама

Ренату Саншеш мансабын Италияда жалғастырмақ

13.03.2022, 20:02
Командалар трансфер жайлы нақты мәміле жасасып қойған екен.
Жарнама
Жарнама

«Лилльдің» орталық жартылай қорғаушысы Ренату Саншеш жазғы трансферлік терезеде «Миланға» ауысады, клубтар арасында нақты келісім жасалды, деп хабарлайды Calciomercato.

Трансфер құны шамамен 20 миллион еуроны құрамақ. «Лилль» португалиялық ойыншыны 2019 жылы «Бавариядан» дәл осындай ақшаға сатып алған болатын. Саншештің франциялық клубпен келісім-шарты келесі жазға дейін есептелген.

24 жастағы футболшы осы маусымда 24 матч өткізіп, 1 гол мен 5 нәтижелі пастың авторы атанды. Ол «Лилль» жейдесінде бас-аяғы 83 ойынға қатысып, Франция чемпионатында топ жарды, сондай-ақ ел суперкубогін жеңіп алды. Ал Португалия құрамасымен бірге Еуропа чемпионы атанды.

Айта кетейік, «Лилль» 28 матчтан кейін 43 ұпаймен Франция чемпионатында алтыншы орында келеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров