Ресей чемпионаты: Самародов негізгі құрамда шықты

23.09.2024, 20:41

Қазақстандық футболшы Максим Самародов Ресей Премьер-лигасының 9-туры аясында "Ахмат" командасының негізгі құрамында ойынға шықты. Грозныйлықтар өз алаңында Самараның "Крылья Советов" клубымен сынға түсуде. 

Жаңа маусым басталғалы “Ахмат” чемпионатта 5 ұпай жинап, көш соңынан бір саты жоғары 15 орында келеді. Ал бүгінгі қарсыласы самаралық ұжым 9 ұпаймен 10 орында тұр. Егер, Самародовтың командасы осы ойында жеңіске жетсе біріншіліктегі жағдайын біршама түзеп алуына мүмкіндік бар. 

Айта кетейік, осыдан бірер күн бұрын отандасымыз Максим Самародов Ресей Кубогы бәсекесінде “Ахмат” ФК сапындағы дебюттік голын соққан болатын.  

Материалда: