Танымал бапкер Болат Есмағамбетов Ғалымжан Кенжебектің Ресей чемпионатына ауысуы жайлы пікірімен бөлісті.
Сондай-ақ, білікті маман қазақ футболшылары үшін өзгелерден көрі РПЛ-дің тиімді тұстарына тоқталды.
«Бұған дейін Түркияға, Данияға барған жігіттеріміз ойнай алмай қайтты. Себебі тіл, менталитет, бәсекелестік деген бар. Кезінде Абат Айымбетов пен жарақат алған Бахтиер Зайнутдинов Түркияда қосалқы құрамда отырды. Ол кезде Түркия түркі елдерінің футболшыларын легионер санамайтын уақыт еді. Кейін ол қалды. Ал Ресей бұл жағынан бізге жақын. Сондықтан Кенжебектің бұл қадамы логикаға сай», – деген еді Б. Есмағамбетов «1БОЛ.КЗ» порталына берген сұқбатында.
Ғалымжан Кенжебек ҚПЛ-2025-те «Елімай» жейдесінде 11 матчта 6 гол мен төрт ассисттің авторы атанды. Футболшының нарықтық бағасы 600 мың еуро. йта кетейік, Ғалымжан Кенжебекке дейін Ресей чемпионатына тағы Бахтиер Зайнутдинов, Максим Самородов пен Нұралы Әліп те барған болатын.
Біздің серіктес: FONBET