Красногорск қаласындағы "Зорький" стадионында "Қайрат-Мәскеу" деп аталатын жаңа команда өнер көрсетпек, деп хабарлайды "Инсайды от Карпа" телеграм-арнасы.
Дереккөздің хабарлауынша, Боранбаевтың командасы өткен жазда өз жұмысын тоқтатқан "Зоркий" клубының стадионын жалға алды. Шағын қонақ үй және қосымша жаттығу алаңы да бар. Бұл стадиондағы көгалдың сапасы өте нашар, оны ауыстыратын болады. Басқа нысандар да қайта қалпына келтіріледі.
Жалпы осы мәселелермен "Қайрат" клубының директоры Марат Баймұханов айналысуда. Ол бір күн бұрын өткен "Локомотив" - "Спартак" матчына да қатысып үлгерді.
Естеріңізге сала кетейік, жаңа команда "Қайрат-Жастар" клубының ойыншыларынан жасақталмақ. "Қайрат-Мәскеу" командасын Кирилл Кекер жаттықтырады, оған Евгений Коструб пен Вадим Боровский көмектеседі. Клуб Кәсіпқой футбол лигасының (ПФЛ) Батыс аймағында бақ сынамақ. Турнир тамыз айында басталады деп жоспарланған.
Біздің серіктес: FONBET