Өтірік құлауға жаны құмар футболшылар бұдан былай алаңнан 2 минутқа қуылатын болады.
Бұл ереже қақпашыларға қатысы болмайды. Төреші тек алаңда жүгіріп жүріп, өтірік шағымданған футболшыларды ғана жазалайды.
Келесі жылы осы жобаны жүзеге асыру арқылы жергілікті футбол Лигасы чемпионаттағы уақыт созу деректерін төмендетуді көздер отыр.
Симулянт ойыншыны уақытша алаңнан қуу ережесі 2026 жылдың көктем айында Ресейдің барлық турнирлерінде қолданылады.
Еске салсақ, біздің портал көршілес елдің стадиондарында сыра сатылымына рұқсат берілетіні жайында жазған болатын.
Біздің серіктес: FONBET