Жарнама
Жарнама

Ресей дауыс беруден қалай жеңіске жетуді біледі

06.12.2010, 19:13
Жарнама
Жарнама
666740-8039674-317-238 Біздің уақытпен бейсенбі күні түнде Цюрихте футболдан 2018 жылғы және 2022 жылғы әлем чемпионаттарын өз жерінде өткізетін елдер анықталды. 2018 жылғы әлем чемпионатын өткізу құ­қығына Ресей қол жеткізсе, 2022 жылғы әлем чемпионатының қожайыны Катар бо­лып бекітілді. 2010 жылғы әлем чем­пио­наты көпшіліктің табаны тимеген «Қа­ра­құрлықта» өтіп еді, енді 2018 жылғы мун­диаль тамаша стадиондары өте аз, үл­кен қалаларының арасы тым алшақ Ре­сей­де өтіп, 2022 жылғы дүбірлі дода са­ха­ра­ның аптап ыстығына бергісіз Катар топы­ра­ғында өтпек. Кімге тиімді, кімге тиімсіз? Өз­деріңіз бағалай жатарсыздар. Бір қызығы, дәл қазір осындай ірі дү­бір­лі додаларды өткізетін жерлерді таңдап алу барысында не бұрынғыдай ұлттық құ­ра­­маларының деңгейіне, не қазіргідей ин­фра­құрылымдық жүйесіне мейлінше көңіл бө­лу қалып бара жатқандай. Әлде Зепп Блат­тер айтқандай, негізінен, әлем чем­пио­натының өткізілу жағрафиясын кеңейте бе­ру мақсат па? Ресейдің қарсыласы Англия, Бельгия/Гол­ландияның, сондай-ақ Испания/Пор­ту­г­а­лия болатын. Яғни соңғы төртеуі өз кан­­дидатураларын бірігіп ұсынған. Осы­лар­дың арасынан Ресей озды. 2007 жыл­ғы шілде айында Гватемаледе өткен Ха­лық­­аралық Олимпиада комитетінің (ХОК) 119-сессиясында 2014 жылғы қысқы Олим­пиада ойындарын Сочиде өт­кізу құ­қығын жеңіп алған Ресейге Цюрихте 2018 жылғы әлем чемпионатының қожа­йы­ны атағына қол жеткізу қиын болып па, тәйірі?! Дәл сол жолы Владимир Путиннің өзі Гва­те­ма­леге барып, ХОК мүшелері алдында ағыл­шынша және французша сөз сөйлеп, қа­рекет қылса, бұл жолы ол Цюрихке да­уыс беру аяқталған соң ғана барып, жур­на­­листерге сұхбат берді. Ресейден басқа да­­уысқа түскен елдердің барлығының пре­мьер-министрлері Цюрихке барып, бір­неше сағат отырса да, жеңіліп қайтты. Ал Ре­сей басшысы өздерінің әлем чемпио­натын өткізуге лайықты екендерін дәлел­деу­ге берілетін мүмкіндікте «тер төкпей-ақ» жеңіске жетті. Дәл қазір орыстардың – қағанағы қарқ, сағанағы сарқ. Ал ағыл­шын­дар «ғаламшарда екі-ақ құпия ұйым қал­ды – ФИФА және КФСБ» деп егілуде. 15 миллион фунттарының далаға кеткені­не де налиды. Ал 2022 жылғы әлем чемпионатын өз ел­дерінде өткізу құқығын Катар жеңіп ал­ды. Олардың қарсыластары АҚШ, Жа­по­ния, Корея және Австралия болған. Жалпы, Ка­тар – спортқа көп қаржы бөліп, көп кө­ңіл бөлетін елдердің бірі. Бұл елде «Формула-1» бәйгесінің кезеңдік жа­рыс­та­ры, теннистен жыл соңындағы чем­пион­дар додасы және басқа да деңгейі өте жо­ға­ры спорттық шаралар ұйымдастырылып жүр. Дохада жазғы Азия ойындары да өте­тін­дігін айта кетуге болады. Сонымен, дәл қазір Ресей мен Катардың ай­дарынан жел есіп тұр. Ресейде 2014 жылы қысқы Олимпиада ойындары өтеді, 2018 жылы футболдан әлем чемпионаты жа­лауын желбіретеді, 2013 жылы жазғы уни­версиада алауын тұтатады, 2013 жылы әлемнің үздік жеңіл атлеттері де осы елде бас қосады. Сонымен қатар Ресей «Фор­му­ла-1» бәйгесінің кезеңдік жарыстарын өт­кізу үшін бесжылдық келісімшартқа қол жеткізді, тағысын тағы… Қысқасы, Ресейде спорттық дода көп, той көп. Ал бізде әзірше VIІ қысқы Азия ойындары ғана.

“Алаш айнасы”

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров