Жарнама
Жарнама

Ресей мен Катар қатар жеңді!

03.12.2010, 20:47
Жарнама
Жарнама
2014 жылы Бразилия , 2018 жылы Ресей , 2022 жылы Катар… Алдағы үш әлем чемпионатының қай жерде өтетінінен хабардармыз енді. Жаңа ғана Цюрихте Әлемдік футбол қауымдастығының отырысы өтіп, нәтижесінде Ресей 2018, Катар 2022 жылы Әлем чемпионатын өзінде қабылдайтын болып шешілді. Жұрт 2018 жылы Англия мен Ресейді басты үміткер деп санаса, 2022 жылы кімнің топ жаратынын ешкім дәл болжай алмаған еді. Неге Ресей, неге Катар? Бұл екі елде бұрын-соңды футболдан әлем чемпионаты өтпеген еді. Ең алып империя Ресей болса,  әлемдегі ең бай мемлекет бұл сөссіз Катар.  Португалия мен Испания, Голландия мен Бельгия, тіпті Англияда, Ресей алдында қауқарсыз болды. АҚШ, Аустралия, Корея, Жапония,  2022 жылғы Әлем чемпионатын өзінде қабылдамақ ниетте еді. Бірақ Катар қатарластарынан озды. Соңғы екеуі әлем чемпионатын өткенде ғана қабылдағандай. Алайда байқасаңыз 2002 мен 2022 жыл аралығы бақандай 20 жыл.  АҚШ пен Аустралияға обал болды. Дегенмен келесі чемпионат олардікі. 2026 жылғы Әлем чемпионаты осы екі елдің бірінде өтуі ғажап емес. Англия болса енді мұндай мүмкіндікке тек 2030 жылы ғана ие бола алады. 20 жыл күту керек ағылшындарға. Аз уақыт емес. Ал бізге ше?. Бәлкім 40 жыл, бәлкім 50 жыл.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Алдыңғы жаңалық
Гол соққыш қақпашы
Келесі жаңалық
“Ақтөбе” – 312 орында