Ресей келесі жылы өтетін Әлем чемпионатымен бір мезгілде, одан бөлек, өз турнирін ұйымдастыру идеясын талқылап жатыр, деп хабарлайды Aladop.kz.
Бұл бастама – халықаралық аренадан шеттетілген Ресейдің қайта оралуын қамтамасыз ету үшін жасалып отырған саяси-спорттық қадам ретінде бағалануда.
2022 жылғы Украинаға басып кіруден кейін Ресей құрамалары мен клубтары барлық негізгі халықаралық жарыстардан шеттетілген еді. Сол жағдайдан бері Ресей футбол басшылығы елдің беделін қалпына келтіріп, 2030 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңдеріне қайта қатысуға жол ашатын тетік іздеуде.
Ресей жазғы кезеңде арнайы халықаралық жарыс өткізуді көздейді. Бұл турнирге алдағы әлем чемпионатына қатыса алмайтын немесе түрлі себеппен шет қалған құрамалар шақырылмақ. Қазіргі бағдарлама әлі бекімегенмен, Ресей ФИФА-ға қысым жасап, санкцияларды жұмсартуды немесе мүлде алып тастауды мақсат етіп отыр.
Қатысуы мүмкін командалар тізімі:
Бұл құрамалардың басым бөлігі соңғы циклде әлем чемпионатына өте алмаған немесе халықаралық футболда саяси-спорттық қиындықтарға тап болған.
Біздің серіктес: FONBET