Жарнама
Жарнама

Ресей қақпасында – нәжіс

04.09.2011, 06:24
Жарнама
Жарнама
Футболдан Ресей құрамасының қақпашысы Вячеслав Малафеев пен «Ресей 2» телеарнасының спорт комментаторы Дмитрий Губерниев арасындағы дауға нүкте қойылған тәрізді. Естеріңізде болса, 28 тамызда өткен «Спартак» пен «ЦСКА» матчының тайм аралығындағы үзілісінде комментатор Губерниев тікелей эфирде қақпашы Малафеевті «қақпадағы нәжіс» деп салған болатын. Үзілісте комментатор бөлмесінде отырған Губерниев өзінің әріптесімен болған әлгі диалогының трансляция жасалып жатқанын білмеген. Мәскеулік қос клубтың кездесуі алдында ғана Ресей құрамасының негізгі қақпашысы Игорь Акинфеевтің тізе жарақаты ауыр екені, оның жарты жылдай алаңға оралмайтыны мәлім болған еді. Оны алдағы ойындарда алмастыруға тиіс Вячеславтың қақпашылық шеберлігіне күмән келтірген комментатор жоғарыдағыдай пікірді тікелей эфирде айтқан. Жазбаны «Sportbox.ru» порталы да жариялап жіберіп, дау тіпті өршіген еді. Осыдан кейін «Ресей 2» арнасының бас редакторы Дмитрий Медников пен Дмитрий Губерниев аталмыш сайттың бетінде ресми түрде кешірім сұрады. Алғашында «Губерниев деген ныспыны естігім де келмейді» деп шолақ қайырған қақпашы кеше шешімін өзгерткен секілді. Ол комментатордан Ринат Дасаев атындағы футбол және қақпашылық өнері академиясының жеке есепшотына ақша аударуды талап етті. Бірақ қанша сома аудару керегін Малафеев нақтылаған жоқ. «Оны комментатордың ұятына қалдырдым» деді қақпашы.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров