Жарнама
Жарнама

РЕСЕЙ-ҚАЗАҚСТАН МАТЧЫ «АРЕНА ХИМКИДЕ» ӨТЕДІ

09.03.2015, 23:18
Жарнама
Жарнама

Красножан

Қазақстан мен Ресей құрамалары жолдастық кездесуінің өтетін орны мен уақыты белгілі болды. Фабио Капелло мен Юрий Красножан  шәкірттері 31 наурызда «Арена Химки» стадионында кездеседі. Матч Астана уақытымен 23:00-де басталады. «Арена Химки» стадионында мәскеулік «ЦСКА» мен «Динамо» клубтары Ресей Премьер-Лигасы мен еурокубок ойындарының матчтарын қабылдайды. «Арена Химки» стадионының сыйымдылығы —  18 636 адам. Қазақстан осыған дейін Молдовамен Түркияда жолдастық матч өткізіп, 1:1 есебімен тең түскен. Қазақстан құрамасы бұл матчқа дейін 28 наурызда Астанада Еуро-2016 іріктеуі аясында Исландия құрамасын қабылдайды.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров