Жарнама
Жарнама

Ресей сарапшылары “Тобыл” бүгін “Ордабасыдан” басым түседі деп болжауда

24.09.2025, 10:10

Ресейлік "ВсеПроСпорт" сайты бүгінгі "Тобыл" - "Ордабасы"  матчына болжам жасады.

Жарнама
Жарнама

"Қазіргі таңда "Тобыл” турнирлік кестеде үшінші орынға тұрақтаған, 44 ұпай бар. Соңғы екі ойында команда жеңіліп, көшбасшылар – "Астана" мен "Қайраттан” тиісінше алты және сегіз ұпай айырмашылығымен қалып қойған. Енді басты мақсат – үшінші орынды сақтап қалу, себебі төртінші орындағы "Ақтөбеден” тек бес ұпай ғана алда. Алдыңғы кездесулер статистикасы да оңтайлы: "Тобыл” соңғы бес матчта "Ордабасыдан" жеңілген емес.

Ал "Ордабасы" соңғы турда "Жеңісті" 2:1 есебімен жеңіп, төрт турдан тұратын ұтылу сериясын тоқтатты. Дегенмен, Шымкенттік команда шет алаңда нашар өнер көрсетеді. Соңғы бес ойында үш рет жеңіліп, тек бір матчта ғана жеңіске жеткен және бір ойын тең аяқталған.

Сарапшылар пікірінше, "Тобылғс” соңғы үш ойындағы сәтсіздіктерін өтеу маңызды. Өз алаңында қарсыласпен жақсы ойын көрсету тәжірибесі және "Ордабасы” шет алаңда нашар өнер көрсетуі есепке алынса, бүгінгі матчта басымдықты "Тобол” иеленеді.

Болжам бойынша, матчтың жеңімпазы – "Тобыл". – деп жазды басылым.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров