Жарнама
Жарнама

Ресейде спорттық нысандар аумағында сыра сатуға рұқсат берілмек

Келесі жылдан бастап Премьер-лига стадиондарында сыра сатылады. 

Жарнама
Жарнама

2018 жылдан бері Ресейде Fan ID жобасы іске қосылып, біраз футбол фанаттары стадиондарға кіргізілмей үлкен дау болып еді. Араға бір жыл салып, спорттық нысандардағы қауіпсіздік мәселесін арттыру мақсатында сыра сатылымына шектеу қойылды. Бұл да матч барысында алкоголь ішімдігімен бір қызып алатын жанкүйерлер үшін үлкен сынақ болды. Одан кейін Ресей футболына санкция салынып, еурокубоктік матчтар өткізілмей қалды. Бұның барлығы елдегі футбол іс-шараларына қызығатын фанаттар легінің біршама азаюына әкеліп соқты.

Осыны негізге алған Мемлекеттік Дума келесі жылдан бастап жоғары да аталған бір пунктіні қайтаруды құп көрді. 2026 жылдан бастап Ресей футболына жанкүйер тарту мақсатында сыра сатылымына рұқсат берілмек. 

Мәселен, Ресейдің футбол одағы Әлем чемпионаты қарсаңында мундиальға бара алмай қалғандар арасында өзара турнир өткізбек ниетте екенін алға тартты. Оған қатысатын құрамалар аты да белгілі болды. Мүмкін турнир өз қолдауын тауып, өтетін болса, онда стадионда ішімдік ішуге рұқсат сол мезетте беріледі. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: