Жарнама
Жарнама

Ресейдің ең жас әкімі болған азамат “Ахмат” клубының тізгінін ұстады

Кезінде Путиннің қолынан “Отан алдындағы жауапкершілігі” марапатын алған атқамінер жайлы не білеміз?

Жарнама
Жарнама

Бүгін, “Ахмат” клубының баспасөз-қызметі командаға Якуб Закриевтің президент болып тағайындалғанын жеткізді. 

Рамзан Қадыровтың жиені саналатын Якуб 1990 жылы Курчалой ауылында дүниеге келген. Ол әкесі Салман Зәкіровтың арқасында жастайынан саясатқа араласты. Соның көмегімен және Рамзан Қадыровтың ықпалымен Якуб Шешенстанның қаржы министрі қызметіне дейін көтерілді. 2016 жылы Закриев Республиканың алғашқы вице-премьері қызметін атқарды. Ол бұл қызметте 2 жылдай еңбек етті. Арасында Якуб “Ахмат” ФК ішкі қызметтеріне араласып, ұжымға жан-жақты көмек беріп отырды. 2018 бен 2020 жылы Закриев Грозный қаласының әкімі қызметіне тағайындалды. Сол арқылы ол Ресейдің ең жас мэрі мәртебиесіне ие болды. 2023 жылы Ресей президенті Владимир Путин Салманұлына бірқатар медаль табыстады. Онымен қоса, “Данон Россия” компаниясының атқарушы директорының агросалаға қосқан үлесі үшін деген марапаты бар. 

Бұдан тағысы, Якуб “Шешенстанның бірінші басшысы Ахмат-Хаджи Кадыров”, “Ахмат атындағы Ордендердің” иегері.

Еске салсақ, Закриев басқарып отырған “Ахматта” біздің отандасымыз Максим Самородов ойнайды. Оның Грозный ұжымдағы келісім шарты 2028 жылға дейін жарамды. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров