Ресейдің футбол одағы Қазақстан құрамасына қарсы ойын өткізуді жоспарлап отыр

Ресейдің футбол одағы Әзербайжан, Армения және Қазақстандағы әріптестерімен жолдастық ойын өткізудегі келіссөздерді жүргізуде. 

"Аталған федерациялармен жолдастық ойын өткізу жайында келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Алайда қарсыластарымыз УЕФА-ға мүше болғандықтан, ал еуропалық командалардың кестесі тығыздығымен ерекшеленгендіктен бұл мәселе әлі толығымен шешілген жоқ", - деді Ресейдің футбол одағының қызметкері Максим Митрофанов.

Егерде барлығы дұрыс болып, біздің жігіттер Ресеймен кім мықтыны анықтаса, бас бапкер Черчесов өзі баптаған құрамамен қайта қауышады. 

Айта кетейік, 7 маусым күні Ереванда ел құрамасы Арменияға қарсы ойын өткізеді.