Жарнама
Жарнама

Ресейлік БАҚ: “Батраков Сәтпаевтан мықтырақ”

24.08.2025, 12:00

Ресейлік журналист әрі "Челси" жанкүйері Кирилл Бельский YouTube-тағы "Nobel" арнасында 17 жастағы Дастан Сәтпаевты "Локомотивтің" 20 жастағы жартылай қорғаушысы Алексей Батраковпен салыстырды.

Жарнама
Жарнама

– Ресей футболшыларының ішінде 16–17 жасар Дастанмен деңгейлес талантты кіммен салыстыруға болады? Мысалы, Захарянды айтуға болады. Оны да кезінде "Челси” қатты қалады. Арсеннен басқа тағы кім ойға келеді?

"Қазір ойыма бірден Батраков түседі. Оның ойынын көріп жүрмін. Жалпы "Локомотивтің” ойынын тамашалауды ұнатамын."

– Сонда Сәтпаев пен Батраковды салыстыруға болады дейсіз бе?

"Қазірше маған Батраков сәл жоғарырақ көрінеді. Табиғи таланты көбірек. Бірақ уақыт өте келе айырмашылық біртіндеп теңеседі. Екеуін де Еуропада көргім келеді."

Ағымдағы маусымда Сәтпаев "Қайрат” сапында Қазақстан Премьер лигасында 20 матчқа шығып, 8 гол соқты және 6 нәтижелі пас берді. Сондай-ақ  Чемпиондар Лигасында 2 голы бар.

Ал 2024/2025 жылғы маусымда Батраков 15 гол соғып, 9 нәтижелі пас берді және Ресей Премьер лигасының үздік жас ойыншысы атанған еді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров