«Акрон» клубы «Елімайдың» жартылай қорғаушысы Ғалымжан Кенжебекпен келісімге келді, деп хабарлайды Aladop.kz сайты Championat.com сайтына сілтеме жасап.
Тараптар келісім-шарттың соңғы тұстарын талқылап жатыр.
Ғалымжан Кенжебек 2025 жылдың шілде айынан бері «Елімай» сапында өнер көрсетіп келеді. Осы уақыт ішінде ол Қазақстан чемпионатындағы жеті матчқа қатысып, төрт гол соғып, екі нәтижелі пас берген.
Футболшының қолданыстағы келісімшарты 2025 жылдың соңына дейін жарамды. Transfermarkt порталының дерегінше, оның нарықтық құны 225 мың еуро деп бағаланған.
Дәл қазіргі сәтте Ресей чемпионатында ұлттық құрамадан Максим Самородов (Ахмат), Нұралы Әліп (Зенит), Бактиер Зайнутдинов (Динамо) доп теуіп жүр.
Біздің серіктес: FONBET