Жарнама
Жарнама

Ресейлік БАҚ: “Нани мен Мозестің Қазақстанға келуі — ақымақтық”

Бүгін, 09:30

Sports.ru басылымы Қазақстан футболындағы соңғы шулы трансферлерге талдау жасап, Нани мен Мозес сияқты жұлдыздардың келуін "бос әурешілік" деп бағалады, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Sports.ru сарапшылары мұны футболды дамыту стратегиясы емес, мемлекеттің бизнеске таңған міндеттемесі деп санайды.

Автор бұл пікірін төрт негізгі себеппен түсіндіреді:

1. Мәжбүрлі инвесторлар

Футболға үлкен ақша Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кәсіби спортты жекешелендіру туралы тапсырмасынан кейін келді. Бір күнде бірнеше клубтың жеке қолға өтуі — еркін нарықтың емес, мемлекеттік саясаттың жемісі. Кәсіпкерлер үшін бұл бизнес емес, "туған жер алдындағы борыш” немесе әлеуметтік жүктеме іспетті. Мұндай мәжбүрлі инвестиция демеуші кеткен сәтте клубтың жабылуына әкеп соғады.

2. Стратегияның жоқтығы

Клубтардың жоспарлары (академия салу, миллиардтаған теңге бөлу) бір-бірінен аумайды. Олар өзіндік даму жолын іздеудің орнына, бұрынғы жұлдыздарды сатып алу арқылы ұпай жинағысы келеді. Бұл — жүйелі жұмыстың жоқтығын жасыратын түтін пердесі. Қытай мен Грузияның тәжірибесі көрсеткендей, жұлдыздар кеткен соң инфрақұрылымсыз қалған клубтар тез күйрейді.

3. Тиімсіз таңдау

Нани мен Мозес — мансабының соңына жеткен, тіпті үлкен футболдан қол үзген ойыншылар. Оларға төленетін орасан зор жалақыға (мысалы, Нанидің 840 мың еуросы) Еуропадан нәтиже шығаратын 2-3 сапалы легионер алуға болар еді. Қазақстандық клубтар брендинг пен имиджге мән бергенімен, олардың базалық өнімі (сайттары, әлеуметтік желілері, нәтижелері) әлі де төмен деңгейде.

4. Білікті менеджерлердің тапшылығы

Әлемдік тәжірибеде ақшадан бұрын мықты менеджерлер рөл ойнайды. Қазақстанда миллиардтаған инвестиция туралы айтылғанымен, клубтарды басқаратын кәсіби мамандарды тарту мәселесі назардан тыс қалған. Клубтарды бұрынғыша ескі кадрлар басқарса, жұлдызды ойыншылар тек "қымбат витрина” болып қала бермек.

Осылайша, Ресейлік басылымның пайымдауынша, Қазақстан футболы кенеттен байып кеткен адамның кейпін танытып отыр, яғни сапаға емес, тек қымбат дүниеге ұмтылады, бірақ бұл сырт көзге мәртебелі емес, күлкілі көрінеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров