Ресейлік бапкер Нұралы Әліптің ойынын сынға алды

03.05.2024, 09:30

"Зенит-84" футбол мектебінің жаттықтырушысы Сергей Веденеев питерлік клубтың қорғаушысы Нұралы Әліптің өнеріне сын тақты. 

Нұралы Әліп "Зенит" сапында

"Біз осыған дейін де Родригаоның ойнамауы чемпионат басындағы ойындардың нәтижесіне кері әсер еткенін айтқан едік. Кейін ол қатарға қосылғанда, команда көш бастады. Ал енді тағы алаңнан көрінбей кетіп еді, оны алмастыратын Әліп пен Нино өрескел қателіктерге бой алдыруда",- деді С. Веденеев. 

Айта кетейік, Нұралы Әліп питерлік клубқа  "Қайраттан" 2022 жылы ауысқан еді. Кеше Қазақстан құрамасының қорғаушысы "Зениттің" қатарында маңызды матчқа қатысқан. Бұл туралы мына  https://aladop.kz/post/nuraly-lip-tagy-da-negizgi-ku-ramda-47788/ материалдан толығырақ оқи аласыздар.