Жарнама
Жарнама

Ресейлік БАҚ: «Тек Зайнутдиновты ғана ЦСКА-ны сәтті трансфері деп атауға болады»

06.12.2020, 16:33
Зайнутдинов әмбебап ойыншы атанып кетті.
Жарнама
Жарнама

Ресейлік Gazeta.ru сайты ЦСКА-ның биылғы ойыны туралы айтты. Оның ішінде, қазақстандық жартылай қорғаушы Бахтиер Зайнутдиновты ерекше атап өтті.

«Ростовтан 2 миллион еуроға сатып алынған қазақстандық жартылай қорғаушы Бахтиер Зайнутдиновты ғана жазғы трансферлік терезедегі ЦСКА-ны сәтті трансфері деп атауға болады, бұл қалған үш жаңа ойыншыға төленген сомамен салыстырғанда қарапайым болып көрінеді.

Зайнутдинов ЦСКА-ға ауысқан сәттен бастап кез-келген позицияда ойнай алды. Сол қапталдағы Георгий Щенниковты, оң қапталдағы Марио Фернандесті алмастырды. Ол орталық жартылай қорғаушылардың үздік үштігінде және шабуылшылардың үздік үштігінде ойнады. Бірақ мұның бәрі Мәскеулік клубтың жағдайының нашар екенін көрсетеді», - деп жазады сайт.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров