Жарнама
Жарнама

Ресейлік қақпашы Еуропа чемпиондары үшін алаңға шығуға дайын

Бүгін, 18:35

Матвей Сафонов "ПСЖ" қақпасын 7 айдан кейін алғаш рет қорғайды, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Париждік "Париж Сен-Жермен” футбол клубының Pесейлік қақпашысы Матвей Сафонов бүгін Франция чемпионатындағы "Реннге" қарсы матчта алаңға шықпақ. Бұл оның клубтағы 7 айға жуық уақыттан кейінгі алғашқы матчы.

Сафоновтың алаңға шығуына басты себеп – команданың негізгі қақпашысы Люка Шевалье жарақат алып, бүгінгі ойынға қатыса алмауы. Оның тобығынан жарақат алғаны белгілі болды.

Сафонов үшін бұл матч оңайға соқпайын деп тұр, өйткені "ПСЖ” қорғанысы да екі негізгі ойыншыдан – Илья Забарный мен Ашраф Хакимиден айырылған. Бұл қорғаныс шебіндегі олқылықтар "Ренн" командасына қосымша мүмкіндіктер туғызып, Сафоновтың жұмысын айтарлықтай қиындатуы мүмкін.

Бұған дейін "ПСЖ" жанкүйерлері француз қақпашысының ойынына көңілдері толмай, бас бапкер Луис Энрикеден Ресейлік ойыншыға – Сафоновқа бірінші нөмірлі қақпашы орнын сеніп тапсыруды талап еткен болатын. Енді, Шевальенің жарақаты бұл талаптардың орындалуына және Сафоновтың өзін дәлелдеуіне тамаша мүмкіндік беріп отвр.

 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров