Беларусь елінің 2025 жылғы үздік футболшысы атанған Валерий Громыко Қазанның "Рубин" клубына ауысуы ықтимал, деп хабарлайды Aladop.kz.
Келісімшарт мерзімі аяқталуына байланысты “Қайратпен” қоштасқан 29 жастағы Валерий жаңа клубқа еркін агент ретінде тегін қосыла алады.
Артиганың ескі арманы
"Рубиннің” бас бапкері Франк Артига Беларусь құрамасының ойыншысына бұрыннан қызығушылық танытып келеді. 2024 жылы маман "Родина" клубын жаттықтырып жүргенде Валерийді өз командасына шақырған болатын. Алайда ол кезде футболшы Қазақстан чемпионатын таңдаған. Инсайды от Карпа телеграм арнасының мәліметінше енді арада бірнеше жыл өткен соң, Испандық бапкер Громыконы өз қатарына қосу арқылы бұрынғы жоспарын жүзеге асыруға мүмкіндік алып отыр.
Сәтті маусым және еркін агент мәртебесі
Валерий Громыко үшін 2025 жыл өте жемісті болды. Өз отанында (Беларусь) жылдың ең үздік футболшысы деп танылды және Алматылық клубтың шабуылында шешуші рөл атқарып, жоғары деңгейдегі ойын көрсетті.
Біздің серіктес: FONBET