Жарнама
Жарнама

Ресейлік клуб Қазақстан құрамасының шабуылшысымен келісім-шартты үзбекші

22.11.2021, 15:54
Шабуылшы биылғы маусымда бір ғана гол соқты.
Жарнама
Жарнама

Калининградтық «Балтика» командасы 28 жастағы қазақстандық шабуылшы Роман Мұртазаевпен қош айтысуға ниетті, деп хабарлайды Матч TВ арнасы.

Чемпиондар лигасында тәжірибесі бар, «Астанамен» үш дүркін Қазақстан чемпионы атанған шабуылшы ФНЛ-де 11 матч өткізіп бірде-бір гол соққан жоқ. Ал Ресей кубогінде Саранск қақпасына бір ғана гол соқты.

Айта кетейік, Мұртазаев ФНЛ-дің 24-турында «Ротормен» болатын кездесуге мүлдем шақыртылмаған.

Қыста «Балтика» шабуыл шебін қайта жасақтауды көздеп отыр. Калининградтық клубтың төрт бірдей шабуылшысы ағымдағы чемпионатта ойыннан бірде-бір гол соға алмады. Сергей Игнашевичтің командасы турнирлік кестеде 7-ші орында тұр.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров