Жарнама
Жарнама

Ресейлік клубта доп тепкен қазақстандық шабуылшы «Оқжетпес» клубында жаттығып жүр

15.02.2021, 19:36
Футболшы «Ертіс» клубы жабылған сәтте Ресейге аттанған еді.
Жарнама
Жарнама

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, қазақстандық шабуылшы Тимур Байжанов "Оқжетпестің" Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына келді.

Павлодар футболының тәрбиеленушісі өткен жазда Ресей чемпионатының екінші дивизионында ойнайтын "Тюмень" клубына ауысқан болатын, бірақ команда үшін бірде-бір матч өткізген жоқ.

Осы жылдың ақпанында Байжанов Сочидегі оқу-жаттығу жиынында "Тюмень" клубынан кетіп қалды. Айтпақшы, "Оқжетпестің" қазіргі бас бапкері Сергей Попков "Тюменьде" бас бапкердің көмекшісі болып жұмыс істеген.

Бұған дейін Тимур Байжанов "Ақ бұлақ", "Қазақмыс", "Қайсар", "Қайрат", "Екібастұз", "Спартак", "Қызыл-Жар", "Тараз", "Оқжетпес" және "Ертіс" командаларында ойнаған. 2013 жылы Қазақстан құрамасында бір матч өткізді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров