Жарнама
Жарнама

Ресейлік қорғаушы ҚПЛ клубынан кететінін растады

23.01.2026, 15:10

Егор Сорокин "Қайраттан" кететінін ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Aladop.kz.

 

Жарнама
Жарнама

"Қайраттың” 30 жастағы Pесейлік қорғаушысы Егор Сорокин Aлматылық клубпен қоштасады.

"Чемпионат” басылымына берген сұхбатында ол қаңтар айының соңында келісімшарт мерзімі аяқталатынын айтты.

"31 қаңтарда менің келісімшарт мерзімім бітеді. Осыдан кейін мен "Қайраттан" кетемін." — деді футболшы.

Егор Сорокин Алматы клубына 2024 жылдың шілдесінде қосылған болатын. Қысқа уақыт ішінде ол команданың қорғаныс шебіндегі негізгі тұлғалардың біріне айналды. Оның “Cары-Қаралар” сапындағы жетістіктері көңіл қуантады:

• 53 матч өткізіп, 2 гол соқты және 2 нәтижелі пас берді

• Екі дүркін Қазақстан чемпионы атанды

• Бір мәрте Қазақстан Суперкубогын иеленді

Биылғы маусымда "Қайрат” Сорокинмен бірге Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алып, тарихи нәтиже көрсетті. Тәжірибелі қорғаушы турнирдің іріктеу кезеңінен бастап барлық 15 кездесуге қатысып, командасына үлкен септігін тигізді.

Бұған дейін Егор Ресей Премьер лигасында "Рубин” мен "Краснодар” намысын қорғап, Ресей ұлттық құрамасына да шақырту алған. Қазіргі таңда Transfermarkt порталы футболшының нарықтық құнын 1 миллион еуроға бағалап отыр.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров