Жарнама
Жарнама

Ресейлік маман ҚКФЛ президенті болып сайланды

29.03.2022, 01:25
Олжас Абраев бірнеше апта бұрын ҚФФ бас хатшысы болып тағайындалған еді.
Жарнама
Жарнама

28 наурызда Нұр-Сұлтан қаласындағы Футбол үйінде ҚКФЛ жалпы жиналысының отырысы өтті.

Лиганың жалпы жиналысын Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Наразбайұлы Барменқұлов ашты.

Іс-шара барысында бірқатар маңызды ұйымдастырушылық мәселелер қозғалды. Жиналған клуб жетекшілеріне Қазақстан футбол федерациясы, Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы және Премьер-лиганың жетекші клубтарында жұмыс жасаған, мол тәжірибесі бар Лиганың атқарушы директоры Газинұр Әлімов таныстырылды. Жиналғандар ҚКФЛ жарғысына техникалық өзгерістерді бекітті. ҚР OLIMPBET-Чемпионаты және OLIMPBET-Кубогы ойындарында делегаттардың қызметін реттейтін ережелер қаралды.

Сонымен қатар жалпы жиналыс барысында лига құрамына «Академия 05 ФК» ЖШС қабылдау және «Рузаевка ФК» ЖШС шығару туралы шешім қабылданды.

Футбол клубтары шешімімен ҚКФЛ атынан ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың атына ұжымдық үндеу жолданды. Атап айтқанда, клубтар «Қайрат» ФК басшысы Қайрат Советайұлы Боранбаевқа қатысты істі әділ қарауды қамтамасыз ету туралы өтініш білдірді.

Күн тәртібіне қосымша ҚФФ бас хатшысы лауазымына тағайындалуына байланысты ҚКФЛ президенті Олжас Абраевтің өкілеттігін тоқтату мәселесі қаралды. Клубтар бұл ұсынысты қабылдады.

Ал ҚКФЛ Президенті лауазымына кандидат ретінде Рохус Шох ұсынылды. Отандық клубтар бұл кандидатураны қолдады. Осылайша, Рохус Шох ҚКФЛ Президенті лауазымына сайланды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров