Жарнама
Жарнама

Ресейлік сарапшылар Қазақстанға жаңа бапкерді ұсынды

22.11.2024, 12:49

Ресейлік  «Футбол на Куличках» сайты Қазақстан құрамасының Ұлттар Лигасындағы нәтижесіне тоқталып, Станислав Черчесовтың болашағына байланысты пікір білдірді.  

Валерий Карпиннің материалға еш қатысы жоқ!
Жарнама
Жарнама

«Черчесовке Қазақстанда одан ары қарай да сенім арта ма? 2026-жылғы әлем чемпионатына іріктеудің жеребесіне қарау керек секілді. Егер қазақстандықтармен бір топқа Норвегия, Аустрия мен Словения түсіп жатса, онда жаңа жаттықтырушы іздеген жөн болар. Сол Адиевтің өзі де «Ахматтан» кеткелі жұмыссыз жүр. Иә, әрине бір өзенге екі рет түспейді, десе де Магомед Мұсаұлының құрамамен белгілі бір байланысы болды. Рас, Черчесов – жолы болғыш, сондықтан осалдау топ кез келіп қалуы да мүмкін. Бір жағынан Қазақстан құрамасы өз тарихындағы антирекорд жасады. Енді одан ары ушықтырудың мәнісі бар ма?», - делінген ресейлік сайт материалында.

Станислав Черчесовке дейін ұлттық құраманы Магомед Адиев жаттықтырған. Адиев Ұлттар лигасында команданы B дивизионына дейін алып шықты. Сондай-ақ, Еуропа чемпионатының жолдамасы үшін таласу мүмкіндігіне ие болып, тек Грекияға қарсы матчта есе жіберді. Айта кетейік, биыл B дивизионында өнер көрсеткен құрама топта соңғы орын алып, C дивизионына түсіп қалды. Ал Станислав Черчесов болса ҚФФ-мен түзген келісімшартына сәйкес, 2026 жылдың жазына дейін құраманы тізгіндемек. Егер, осы келісімшарт бұзылған жағдайда ҚФФ ресейлік маманға 1 млн еуро өтемақы төлеге міндеттеледі.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров