Жарнама
Жарнама

Ресейлік төреші «Ақтөбенің» пенальтиі туралы: бұл сәт ВАР-дың араласуына тұрмайды

30.09.2024, 12:42

Ресейлік бұрынғы төреші Илья Обломов Қазақстан кубогінің «Атырау» - «Ақтөбе» кездесуіндегі пенальти туралы ойын айтты.

"Атырау" - "Ақтөбе" кездесуі
Жарнама
Жарнама

Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласында болған бәсекеде ақтөбеліктер 2:1-мен жеңіске жеткен болатын. Кездесуде атыраулық ұжым Николай Сигневичтің голының арқасында алға шыққан, алайда Игорь Леоновтың командасы үш минуттың арқасында жеңісті жұлып алды: кездесу соңында Әлібек Қасым пенальтиден таразы басын теңестірсе, ойын соңында Фредди Гондола ойынның нүктесін қойды.

«Қазақстанда «Ақтөбе» 2:1 есебімен жеңіске жеткен Кубоктің финалы болды. «Атырауға» бүкіл бәсеке барысында ұтылып жатып, жеңімпаз команда осындай міне пенальти тебу құқығына ие болып, таразы басын теңестіріп кеткен. Ал 90-шы минутта тағы бір доп соқты. Пенальти белгілеуге формалды түрде негіз бар. Егер төреші осындай әр эпизодқа байланысты ысқырық шала берсе бір сұрақ туындайды. Жалпы ойын сюжетіне қарамасақ, бұл сәт ВАР-дың араласуына тұрмайды», - деді белгілі маман.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Қазақстан Кубогінің финалында «Ақтөбе» «Атыраудан» басым түсіп, жеңімпаз атанды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров