Жарнама
Жарнама

Ресейлік журналист: “Зайнутдиновтың Ұлттық құрамаға қосыла алмауы үлкен қасірет”

02.09.2025, 12:00

Ресейлік журналист Александр Троицкий өзінің Telegram арнасында Қазақстан құрамасы мен Мәскеулік "Динамо" жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдиновтың жарақатына байланысты ойыннан тыс қалуы жайлы пікір айтты.

Жарнама
Жарнама

Зайнутдинов жарақатына байланысты алдағы маңызды ойындарды өткізіп алады. Қазақстан құрамасы 4 қыркүйекте Астанада Уэльспен, ал 7 қыркүйекте Брюссельде Бельгиямен кездеседі.

"Бахтиёр Зайнутдинов жарақатына байланысты Уэльс пен Бельгияға қарсы әлем чемпионатының іріктеу матчтарын өткізіп алады. Бұл бір үлкен қасірет… Өте, өте өкінішті. Қазақстан құрамасы үшін аса маңызды ойындар. Батека ұлттық құрама сапында жарақаттар себебінен өткен жылдың қарашасынан бері ойнаған жоқ.” – деп жазды Троицкий.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров