Жарнама
Жарнама

Ресейліктер Анарбековтің әлеуетін жоғары бағалады: “Қазақстандағы ең мықты жас қақпашы”

23.08.2025, 20:00

"Қайраттың" бұрынғы ойыншысы Вадим Ульянов жауапты ойынында Алматылық клубтың негізгі қақпашысы болуы мүмкін Темірлан Анарбековтің деңгейін бағалады.

Жарнама
Жарнама

Алғашқы ойында Анарбеков екінші таймда жарақат алған Александр Заруцкийдің орнына алаңға шыққан еді. Кейбір деректерге сүйенсек, Заруцкий ауыр жарақат алған және маусымның қалған бөлігін өткізіп алуы ықтимал.

"Иә, біз онымен екі жыл бір командада ойнадық, сондықтан сенімді айта аламын, Темірлан Қазақстандағы ең мықты жас қақпашылардың бірі. Ең бастысы өзін одан әрі дамытып, қысым астындағы ойында сенімді болуы керек. Өйткені "Қайратқа” әрқашан үлкен қысым түсіп келген.

Әр сәтте ойынға араласуға дайын болу және қалған уақытты сенімді өткізу қақпашы үшін аса маңызды қасиет. Менің ойымша, Темір жақсы ойнады және бәрін абыроймен атқарып шықты.” –  деді Ульянов BorodAbata.kz сайтына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Ульянов қазір Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Самородовпен бірге "Ахмат” сапында ойнайды. Команданы бұрын ұлттық құраманы басқарған Станислав Черчесов жаттықтыруда.

“Селтик” – “Қайрат” арасындағы жауапты кездесу  26 тамыз күні Алматыдағы "Орталық" стадионда өтеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров