Жарнама
Жарнама

Ресейліктер “Селтик” “Қайратты” кемінде 3 гол айырмасымен жеңеді деп отыр

20.08.2025, 10:40

Ресейлік Verybet.ru сайты алдағы Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі "Селтик" пен "Қайрат" арасындағы алғашқы ойынға болжам жасады.

Жарнама
Жарнама

"Кельттер” елдің қазіргі чемпионы ретінде іріктеуге тікелей плей-офф кезеңінен қосылды. Жеребеде олар үшін қолайлы қарсылас түседі деп күтілген еді, ол "Қайрат” болып шықты. Шотландия біріншілігінің жаңа маусымын "Селтик" сәтті бастады. "Сент-Мирренді" 1:0, "Абердинді" 2:0 есебімен жеңді. Әдеттегідей, өз алаңында “Кельттер” үнемі шабуылдап, ойынды толық бақылауға алуға тырысады, сонымен бірге қорғанысқа да көңіл бөледі.

Ал "Қайрат" іріктеуді бірінші кезеңнен бастап келеді. Жолда Словениялық “Олимпияны” 3:1 (1:1 сыртта, 2:0 үйде), Финляндиялық "КуПС"-ті 3:2 (2:0 сыртта, 3:0 үйде) және Словакиялық "Слованды” (1:0 үйде, 1:0 сыртта, пенальти сериясында) артта қалдырды. Бірақ бұл қарсыластардың деңгейі "Селтикпен” салыстыруға келмейді.

Шотландиялық команда екі ойыннан тұратын қарсыластықты өз алаңында бастайды. Олар Қазақстандағы қарымта матчта тәуекелге барғысы келмейді. Сондықтан “Кельттер” алғашқы ойында-ақ ірі есеппен жеңіп, бір аптадан кейін Алматыға тыныштықпен баруды көздейді.

"Селтик" өз алаңында айқын аутсайдерлерді әдетте кем дегенде 3 гол айырмасымен ұтып жүр." – деп жазады Ресейлік сайт.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров