Жарнама
Жарнама

Ресейліктер Шерхан Қалмұрзаны Акинфеевке теңеді

20.09.2025, 13:00

“Шерхан Қалмұрза – бұл атты жаттап алыңыздар” – деп жазды Ресейлік басылым.

Жарнама
Жарнама

“Бұл тарихи кездесу болды. “Қайрат” алғаш рет Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде өнер көрсетті. Қазақстандық клуб аса ауыр 12 сағаттық ұшудан соң, екі негізгі қақпашысы жарақат алған күйде алаңға шықты. Негізгі қақпашы Заруцкий мен “Селтикке” қарсы пенальти сериясының қаһарманы Анарбеков жарақатынан айыға алмағандықтан, қақпаны жас Қалмұрза қорғады.

Қиын сынаққа қарамастан, Алматылықтар намысты қолдан бермеді. Иә, ірі есеппен ұтылды, бірақ ойынды соңына дейін тартысты қылды. 65-минутқа дейін есеп 0:1 болып тұрды. Оның үстіне, Португалдық жанкүйерлерді үнсіз қалдырған гол да соқты.

Қалмұрзаны қарсыластар алғашқы минуттардан-ақ сынай бастады. 5-минутта Гонсалвеш Тапаловты алдап өтіп, қақпашымен жеке-дара шыққан сәтінде Шерханның керемет реакциясын көрді. Егор Сорокин қауіпті пасқа тайсақтамай кірісіп, Суарестің жақын қашықтықтан соғуына жол бермеді.

“Қайрат” та қарап қалған жоқ, алғашқы 10 минутта екі бұрыштан соққы орындады. Алайда 20-минутта қолайсыз сәт орын алды. Мрынский допты алысқа тебемін деп Суарестің аяғына тиіп, төреші пенальти белгіледі.

Бірақ дәл осы сәт матчтың басты кейіпкерін анықтап берді. Шерхан Қалмұрза Юльманның соққысын аяқпен тойтарып, “Акинфеев стилінде” қақпасын құтқарып қалды! Осылайша, ол Чемпиондар лигасында пенальти қайтарған ең жас қақпашылардың бірі атанды. Бұған дейін мұны тек “Бенфика” қақпашысы Миле Свилар 2017 жылы жасаған еді, бірақ ол Қалмұрзадан небәрі 30 күнге кіші болған.

Жас қақпашының кереметтері мұнымен шектелмеді. Кенда соққан қауіпті допты әдемі секіріспен алып шықты, Суарестің соққысын бағанға тигізіп, сәтті сейв жасады. Ал “Қайраттың” жас жұлдызы Дастан Сәтпаев алыстан тамаша соққымен қауіп тудырды.

Бірінші тайм соңына дейін “Спортинг” 12 соққы жасаса да, тек 43-минутта ғана нәтижеге жетті. Бұл жартылай футболдық ғажайыптың аты бар – ол Шерхан Қалмұрза.” – деп жазды Ресейлік “Чемпионат” сайты.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров