Ресейлік Sport Baza Telegram арнасы Бірінші лиганың 26-турындағы оқиғаға назар аударды.
"Қайрат Жастар" мен "SD Family" арасындағы кездесуде Алматылықтардың қақпашысы Шерхан Қалмұрза ортаңғы сызықтан келген соққыны қақпасына өткізіп алған. Матч 1:5 есебімен "Қайрат Жастардың” жеңілісімен аяқталды.
Sport Baza оқиғаны әзіл аралас сипаттап:
"Чемпиондар лигасында “Қайраттың” қаһарманы болған Шерхан Қалмұрза орта алаңнан гол жіберді. Мұндай қулыққа тіпті Мбаппе де бармаған шығар. Жақында ғана “Реалмен” өткен ойыннан кейін ол еңбегі үшін джип сыйға алған еді. Енді сол көлікті қайтаруға тура келетін шығар?" – деп жазды.
Біздің серіктес: FONBET