Жарнама
Жарнама

Рэшфорд бапкерінің рекордын қайталады

29.10.2020, 15:03
Рэшфорд кешегі матчта хет-трик жасаған еді.
Жарнама
Жарнама

"Манчестер Юнайтедтің" 22 жастағы шабуылшысы Маркус Рэшфорд УЕФА Чемпиондар Лигасы топтық кезеңінің 2-ші турында "РБ Лейпцигпен" (5:0) өткен матчта "қызыл сойқандардың" қазіргі бас бапкері Оле Гуннар Сульшердің керемет жетістігін қайталады.

Goal.com сайты хабарлағандай, Маркус Рэшфорд - клуб тарихындағы қосалқы құрамнан шығып хет-трик жасаған екінші футболшы. Бірінші ойыншы Оле Гуннар Сульшер болды, қазіргі "Манчестер Юнайтедтің" бас бапкері бұл жетістікке 1999 жылдың ақпанында "Ноттингем Форестке" қарсы матчта жеткен.

Осы маусымда Маркус Рэшфорд "Манчестер Юнайтед" үшін барлық турнирлерде 9 кездесуге қатысып, 7 гол соғып, 2 нәтижелі пас берген.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров