Ресми: Альберт Ақбалықов ресейлік “Газпром-Югра” командасына жалға берілді

“Қайрат” футзал клубы және ресейлік “Газпром-Югра” ұжымы шабуылшы Альберт Ақбалықовты жалға ауысымы туралы келісімге келді, деп жазады Аладоп.кз.

Альберттің жаңа командадағы келісімшарты жарты жылға дейін жарамды.

Айта кету керек, Ақбалықов алматылық клубтағы мансабын 2019 жылы бастаған болатын.

Футзалшының “Қайрат” сапындағы жетістіктері:

🏆 Қазақстан чемпионы - 4х 

🏆 Қазақстан Кубогының иегері - 4х

🏆 Қазақстан Суперкубогының иегері - 4х

🥇 Masters Cup Portimao - 1 

⚽️ Қазақстан чемпионатының үздік сұрмергені - 2021/22 (46 гол)

✅ 205 ойын 160 гол, 40 голдық пас

“Газпром-Югра” сапында Альберт 9 нөмірде өнер көрсететін болады.

 

Материалда: