ҚФФ Атқарушы комитеті OLIMPBET-футболдан Қазақстан чемпионатына қатысушылардың қатарын кеңейтті.
ҚФФ Атқарушы комитеті Қазақстан футбол федерациясы мен Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының нормативтік құжаттарына өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдады. Осыған сәйкес, OLIMPBET-футболдан Қазақстан чемпионатына қатысушылар саны 12 командадан 14 командаға дейін көбейетін болады.
"OLIMPBET-Қазақстан чемпионатына қатысушылардың көбеюі жарысқа қатысушылармен бірге ойластырылды және бұл шешім келісілген қадам ретінде қабылданды. Бұған дейін бұл мәселе Атқару комитетінің алдыңғы отырыстарында көтерілген. Содан кейін ҚФФ президенті Әділбек Жақсыбеков аталмыш жобаны ҚКФЛ ұйымының Жалпы жиналысында талқылау туралы тапсырма берді. Екі жағдайда да бұл мәселе оң шешімін тапты.
Мамандар турнирге қатысушылар санының артуы ойындар күнтізбесін икемді жоспарлауды қамтамасыз етеді деп санайды. Бұл қазіргі қиын жағдайда өте маңызды және турнирде кідірістер болған жағдайда уақытты жоғалтпауға мүмкіндік береді. Қазақстан чемпионатын толықтыратын командалар туралы шешім спорттық ұстанымға және футбол клубтарын сертификаттау ережелеріне байланысты қабылданатын болады.
Осы ережелердегі өзгерістерге байланысты айта кететін бір жайт бар: егер матч өтетін стадион дайын болмаса, кінәлі команда үй матчын қарсыластың алаңына ауыстырып, басқа ойындарда жинаған үш ұпайынан айырылады.
Бірінші кезекте әңгіме футбол алаңдарының нашар жағдайына байланысты орын алатын тәртіп бұзушылықтар туралы болып отыр. Бірақ турнирге қатысушылар басқа критерийлер туралы ұмытпауы керек. Сертификаттау ережелерін елемеген команда қатаң жазаға ұшырайды", - деді ҚФФ-ның бас хатшысы Азамат Айтхожин.
Біздің серіктес: FONBET