Жарнама
Жарнама

Ресми: Джорджо Кьеллини «Ювентустан» кетеді

12.05.2022, 16:29
Бұл туралы 37 жастағы футболшының өзі мәлімдеді.
Жарнама
Жарнама

«Ювентус» пен Италия құрамасының 37 жастағы қорғаушысы Джорджо Кьеллини Италия кубогінің финалында «Интерден» жеңілгеннен кейін туриндік командадан кететінін хабарлады.

«Қызыққа толы 10 жыл артта қалды, енді жігіттер бастаған ісін жалғастыру керек. Мен қолымнан келгеннің бәрін жасадым және артымнан есте қаларлықтай дүние қалдырдым деп үміттенемін. Дүйсенбіде мен «Ювентустың» стадионында жанкүйерлермен қоштасамын, содан кейін шамам жетіп жатса, Флоренцияға сапар шегуім мүмкін.

Бұл менің таңдауым, клубтан осындай жоғары деңгейде кеткеніме қуаныштымын, өйткені мен көп жылдар бойы күресіп, барымды салдым, алдағы уақытта «Ювентустың» жанкүйері боламын. Көп уақытымды өткізгендіктен бұл клубты ұмыта алмаймын», - деді Кьеллини Football Italia арнасына берген сұхбатында.

Журналист Фабрицио Романоның ақпаратына сенсек, Кьеллини әлі мансабын қайда жалғастыратыны туралы нақты шешім қабылдаған жоқ. Оған әзірге МЛС-тен екі клуб ұсыныс тастады.

Еске салайық, Джорджо 2005 жылы «Фиорентинадан» «Ювентусқа» 7,7 миллион еуроға ауысып келді. Содан бері ол туриндік клуб сапында 559 матч өткізіп, 36 гол соқты, 25 нәтижелі пас берді. «Ювентус» құрамында 9 дүркін Италия чемпионы атанды, Италия Кубогінің және Суперкубогінің 5 дүркін жеңімпазы болды, сонымен қатар 2006/2007 жылғы маусымда В сериясында топ жарды.

Бұған дейін Кьеллини «Уэмблиде» Аргентинамен өтетін матчтан кейін Италия құрамасындағы мансабын аяқтайтынын хабарлаған болатын.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров