Ресми: Григорий Бабаян ЦСКА клубының жаттықтырушылар штабына қосылды

18.06.2021, 00:12
Березуцкий өз жұмысын жоғары деңгейде атқара алмаса, Бабаян бас бапкер болуы мүмкін.

ЦСКА клубының жаттықтырушылар штабын 41 жастағы қазақстардық маман Григорий Бабаян толықтырды. Бұл жайлы мәскеулік клубтың ресми сайты хабарлады.

Ол бас бапкердің міндетін атқарушы болып тағайындалған Алексей Березуцкийге көмектесетін болады. Бейресми ақпараттарға сүйенсек, Березуцкийдің жұмысы клуб басшылығының көңілінен шықпаса, бас бапкер қызметіне дәл осы Григорий Бабаян тағайындалатын болады.

Еске салайық, Григорий Константинұлы 2019 жылдың желтоқсанынан 2021 жылдың маусымына дейін қостанайлық «Тобылды» жаттықтырды, ол осы уақыт аралығында Қазақстан Суперкубогін жеңіп алды, одан бөлек Қазақстан чемпионатында күміс жүлдеге ие болды.