Жарнама
Жарнама

Ресми: Лионель Месси «Барселонадан» кетті

06.08.2021, 14:18
Қос тарап келісім-шарт жасасқысы келгенімен Ла Лига рұқсат бермеді.
Жарнама
Жарнама

"Барселона" футбол клубы Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Мессидің командадан кететінін мәлімдеді.

"Лео Месси "Барселонада" қалмайды. Клуб пен Месси арасында жасалған мәмілеге, сондай-ақ қос тараптың бүгін жаңа келісім-шартқа қол қойғысы келгеніне қарамастан, Ла Лига регламентіндегі экономикалық қиындықтарға байланысты оны командада сақтап қалу мүмкін болмайды.

Осындай жағдайдың салдарынан Месси "Барселонада" қалмайды. Екі тарап та бұл жағдай үшін қатты өкінеді. "Барселона" ойыншыға клубтың дамуына қосқан үлесі үшін шын жүректен ризашылығын білдіреді және оған жеке және кәсіби өмірінде барлық жақсылықты тілейді", - делінген хабарламада.

Мессидің "Барселонамен" келісім-шарты маусым айының соңында аяқталған еді. Өткен маусымда шабуылшы Ла Лигада 35 матч өткізіп, 30 гол соқты (үшеуі пенальтиден) және тоғыз голдық пас берді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров