"Аталанта" жартылай қорғаушы Алексей Миранчуктің ауысқанын ресми түрде жариялады.
Ресейлік ойыншы "Аталантада" жылына 1,7 миллион еуро табады деп хабарланды. Алексей командадағы ең көп жалақы алатын футболшылардың бестігіне кірді. Миранчук Алехандро Гомес, Луис Муриэль және Йосип Иличичтен ғана аз жалақы алады.
2 қыркүйекте Миранчук "Аталантамен" келісімшартқа отырды. Футболшы жаңа командада 59-шы нөмірді алды. "Аталантаның" ресейлік жартылай қорғаушы үшін 14,5 миллион еуро төлейтіні хабарланды.
24 жастағы Алексей Миранчук - «Локомотивтің» түлегі. Алексей негізгі құрамдағы алғашқы кездесуін 2013 жылы 20 сәуірде "Кубанға" қарсы ойында өткізді. Тоғыз маусымда елордалық клуб құрамында 228 матч өткізіп, 43 гол соғып, 45 нәтижелі пас берді. «Локомотив» құрамында Миранчук Ресей чемпионы және Ұлттық кубоктың үш дүркін жеңімпазы. Ел суперкубогының иегері атанды.
Біздің серіктес: FONBET