«Эвертон» шабуылшысы Мойзе Кин мансабын "Пари Сен-Жерменде" жалғастырады. 20 жастағы ойыншы Париждік клубқа бір маусымға жалға берілді.
«Біз Мойзе Киннің ауысқанына қуаныштымыз. Италиялық шабуылшы 2021 жылдың 30 маусымына дейін біздің клубта жалдау шарты бойынша ойнайтын болады. Келісім-шартта сатып алу мүмкіндігі қарастырылмаған», - делінген ПСЖ баспасөз қызметінің хабарламасында.
Кин «Ювентус» академиясына 2011 жылы түсіп, негізгі командадағы дебютін 2017 жылы жасады. Италиялық шабуылшы 21 кездесуде 8 гол соқты. 2019 жылы футболшы «Эвертонға» 27,5 миллион еуроға ауысты, 2019/2020 маусымда ол 33 кездесу өткізіп, екі гол соғып, екі нәтижелі пас берді. Форвард Италия құрамасында да дебют жасап үлгерді - бес матчта екі гол соқты. Киннің «Эвертонмен» қазіргі келісімі 2024 жылға дейін жасалған.
Біздің серіктес: FONBET