Ресми: Мұхаммед Еңсебаев – «Вальядолид» футболшысы

02.05.2024, 14:14

Қазақстан U-19 ойыншысы Мұхаммед Еңсебаев испанияның «Вальядолид» командасымен келісімшартқа отырды. Бұл туралы «Sport Arts Agency» мәлімдеген болатын.

Мұхаммед Еңсебаев "Вальядолид" командасының жейдесімен

18-жасар футболшы Үржар футбол мектебінің түлегі екені белгілі. Мұхаммед Қазақстан U-19 құрамасының бірнеше футболшысымен бірге испаниялық клубтардың қаралымынан өткен. Қазақстандық ойыншылар қатысқан арнайы бағдарламаны Matador Academy мен Sport Arts агенттігі бірлесіп ұйымдастырған болатын. Оның барысында жас футболшы «Вальядолид» бапкерлерінің көңілінен шыққан сыңайлы. Қаралым нәтижесінде Мұхаммед Еңсебаев испаниялық командамен 3 жылға келісімшартқа қол қойды. «Вальядолид» қазақстандық ойыншыны 2024/2025 жылғы маусымның тізіміне енгізуді жоспарлап отыр.