Жарнама
Жарнама

Ресми: Оле Гуннар Сульшер қызметінен кетті

21.11.2021, 21:51
МЮ басшылығы команданы маусымның соңына дейін жаттықтыратын бапкер іздестіруде.
Жарнама
Жарнама

«Манчестер Юнайтед» ресми сайтында бас бапкер Оле Гуннар Сульшердің қызметінен кеткенін хабарлады.

«Манчестер Юнайтедтің» бұрынғы жартылай қорғаушысы Майкл Кэррик уақытша бас бапкердің міндетін атқарады. Дегенмен, клуб басшылығы «қызыл сойқандармен» осы маусымның соңына дейін ғана жұмыс істейтін тәжірибелі жаттықтырушы табуды жоспарлап отыр.

Еске салайық, Сульшер «Манчестер Юнайтед» клубын 2018 жылы қабылдаған болатын. Норвегиялық маманның жетекшілігімен манчестерлік клуб өткен маусымда Еуропа лигасының финалына дейін жетіп, «Вильярреалға» жол берген еді (1:1, 10:11 - пенальти сериясы). Ал футболшы ретінде Сульшер 1996 жылдан 2007 жылға дейін «Манчестер Юнайтедтің» намысын қорғады.

«Қызыл сойқандар» 12 ойында 17 ұпай жинап, Англия Премьер-лигасының турнирлік кестесінде 7-ші орында тұр.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров