Жарнама
Жарнама

Ресми: Премьер-лига 1 шілде жалғасады

05.06.2020, 23:41
Бірақ, жанкүйерлерді трибунаға әлі кіргізбейді.
Жарнама
Жарнама

"Қызылжар" футбол клубының ресми парақшасы "ҚПЛ 1-шілде күні жалғасатын болды" деп ақпарат таратты. Сонымен қатар, матчтардың әзірге жанкүйерсіз өтетіні де айтылған. Матчтардың саны да азайып, біріншілік екі айналымға ғана созылады. Себебі, чемпионатты қараша айында аяқтау қажет. Ортасында ұлттық құраманың матчтары мен Еурокубок ойындары да болатынын естен шығармаған абзал. Айта кетуіміз керек 1-2 тур ойындарының нәтижелері сол күйі сақталады. Ал "Ертіс" командасы біріншіліктен шығып қалғандықтан оның ойындары есепке алынбайды.

Ақпаратты тексеріп көрмек мақсатта Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасының ресми сайтына кіріп көріп едік, ол жақта мұндай ақпаратты байқай қоймадық.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Алдыңғы жаңалық
«Тұран кап» додасы жайлы
Келесі жаңалық
Вернер «Челсиге» келеді