Қазақстан Премьер-лигасының 24-турында "Астанадан" жеңілген "Қайсар" ресми түрде Премьер-лигадан шығып қалды.
Қызылордалық клуб маусымның аяқталуына екі тур қалғанда мерзімінен бұрын Бірінші лигаға аттанды. 24 матчта небәрі 16 ұпай жинаған "қасқырлар" Премьер-лигадағы орнын сақтап қалу мүмкіндігінен айырылды. "Қайсар" 24 ойынның небәрі үшеуінде ғана жеңіске жетті және жеті рет тең нәтижеге қол жеткізді.
Маусымды Сұлтан Әбілдаевтың жетекшілігімен бастаған "Қайсар" клубы маусым ортасында тізгінді Владимир Никитенкоға сеніп тапсырды. Бірақ бұл маман да командаға көмектесе алмады.
Біздің серіктес: FONBET