Қазақстандағы футбол жарыстарының жандануы тағы да кейінге шегерілді. Бұл туралы PFLK ресми сайты хабарлады.
«Қазақстанның Кәсіпқой футбол лигасы Қазақстан Республикасы Президентінің елде карантиндік шараларды ұзарту туралы тапсырмасына байланысты футбол жарыстарын өткізу кейінге қалдырылғанын хабарлады. Маусымды қалпына келтіру мәселесі Қазақстан Республикасында карантин аяқталғаннан кейін қаралады», - делінген хабарламада.
29 шілдеде Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда карантинді екі аптаға - 17 тамызға дейін ұзартуға бұйрық бергені белгілі болды. Қазақстан чемпионатының қайта басталуының болжалды күні 3 тамыз деп аталған еді.
Біздің серіктес: FONBET