Алматылық «Қайрат» бас бапкер Құрбан Бердыевпен келісім-шарт мерзімін уақытынан бұрын аяқтау туралы мәмілеге келгенін хабарлады.
Құрбан Бекиұлымен бірге көмекшілері Иван Данильянц, Дмитрий Кириченко, Андрей Мацюра және Эдуард Кундухов та клуб сапынан кетеді.
Бердыев ойыншы ретінде де алматылық клубтың намысын қорғаған. «Қайрат» жейдесінде бас-аяғы 160 ойын өткізген.
90-жылдардың басында, Құрбан Бекиұлы ассистент және бас бапкер ретінде «Қайратты» баптап, 1992 жылы Қазақстан біріншілігінің жеңімпазы атанды.
2021 жылы Бердыев алматылық клубқа қайта оралды, алғашында бақылау кеңесі төрағасының кеңесшісі қызметінде болды, кейін негізгі команданың бас бапкері атанды. «Қайрат» Бекиұлының баптауымен алғаш рет еурокубоктың топтық кезеңінде өнер көрсетті, сонымен қатар Қазақстан Кубогін жеңіп алды.
Біздің серіктес: FONBET