Жарнама
Жарнама

Ресми: Серхио Агуэро мансабын аяқтады

15.12.2021, 22:38
Аргентиналық футболшы арнайы баспасөз мәслихатын ұйымдастырды.
Жарнама
Жарнама

«Барселонаның» 33 жастағы шабуылшысы Серхио Агуэро арнайы баспасөз мәслихатын ұйымдастырып, мансабын аяқтайтынын хабарлады. Аргентиналықтың мұндай шешім қабылдауына жүрек ауруы себеп болған. Баспасөз мәслихаты кезінде Агуэро көз жасына ерік берді.

Естеріңізге сала кетейік, шабуылшы Ла Лиганың 12-ші турында «Алавеспен» болған матчтың (1:1) бірінші таймында тахикардияға байланысты алаңдағы орнын босатқан еді. Матчтан кейін Агуэроның жағдайы жақсы екені хабарланды. Бірақ дәрігерлер оның қайта футбол ойнауына тыйым салды.

Аргентиналық шабуылшы «Барселонаға» осы жылдың шілде айында ауысты. Футболшы каталониялық клубқа «Манчестер Ситиден» еркін агент ретінде қосылған болатын.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров