Мадридтік "Реал" өзінің ресми сайтында қорғаушы Серхио Рамостың командадан кететінін жариялады.
Осы айдың соңында капитанның клубпен келісім-шарты аяқталады. Бүгін, 17 маусымда Серхио Рамос пен "Реал Мадрид" президенті Флорентино Перестің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, "Реал" Рамосқа келісім-шартты бір жылға ұзартуды ұсынды, ал ойыншы екі жылдық келісім-шарт талап етті. Көп уақыт өтпей испаниялық қорғаушы клубтың бұл ұсынысын қабыл алуға дайын екенін хабарлады, бірақ оның мінез-құлқына көңілі толмаған Перес қоштасу рәсіміне дайындалды.
Рамос мадридтік "Реал" сапында 2005 жылдан бері ойнап келеді. 35 жастағы футболшы корольдік клубпен бірге бес рет Испания чемпионы атанды, екі рет ел кубогі мен төрт рет Суперкубокті жеңіп алды, Чемпиондар Лигасында төрт рет алтыннан алқа тақты, УЕФА Суперкубогінің үш дүркін жеңімпазы және клубтар арасындағы әлем кубогінің төрт дүркін жеңімпазы атанды.
Біздің серіктес: FONBET