25 жастағы словениялық қорғаушы Матия Ром елордалық “Жеңіс” сапын толықтырды, деп жазады Аладоп.кз.
Ром өз мансабында словениялық “Домжале”, хорватиялық “Интер”, “Шибеник”, украиналық “Колос” клубтарында өнер көрсетті. Қаптал қорғаушы соңғы рет грузиялық “Телави” сапының намысын қорғап келген болатын. Онда ол жалпы алғанда 24 ойын өткізіп, 3 голдық пас берді.
Айта кететіні, Матия “Домжале” қатарында 2016/17 жылғы Словения Кубогының жеңімпазы атанған. Одан басқа футболшы қанжығасында жүлде жоқ.
Трансфермаркет 25 жастағы ойыншыны 225 мың еуроға бағалайды.
Біздің серіктес: FONBET